Chevrolet Қазақстанда клиенттердің дербес деректерінің құпиялылығын қорғауға ерекше мән береді.
Біз Сіздің жеке басыңызды анықтауға мүмкіндік беретін деректерді (аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз немесе электрондық пошта мекенжайыңыз) Сіз өз еркіңізбен ұсынбаған және Chevrolet Сіздің сұранысыңызды орындау және/немесе Сіздің мүддеңізге байланысты мақсаттар үшін өңдемейтін жағдайларды қоспағанда, сұрамаймыз.
Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді ұсыну арқылы Chevrolet-тің Қазақстандағы өкіліне (дербес деректер операторы) — мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 159а — келесі әрекеттерді орындауға келісім бересіз:
«Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзіңіздің келесі дербес деректеріңізді жинауға, өңдеуге, пайдалануға, иесіздендіруге, таратуға және шекара асыра беруге:
— Тегі, аты, әкесінің аты
— Туған жылы, айы, күні
— Ұялы телефон нөмірі
— Электрондық пошта мекенжайы.
Аталған деректер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, Сізге қызықты болуы мүмкін тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты ұсыну, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинау және маркетингтік зерттеулер жүргізу мақсатында және қолжетімді дереккөздерден (соның ішінде ашық көздерден) алынуы мүмкін.
Назар аударыңыз: Сілтемелер мен жарнамалық баннерлер арқылы Сіз басқа веб-сайттарға өтуіңіз мүмкін. Ондағы дербес деректерді қорғау тәжірибесі біздің Компания саясатына сәйкес келмеуі мүмкін. Біз үшінші тұлғаларға ұсынылған немесе олармен жиналған ақпарат үшін жауап бермейміз және оны бақылай алмаймыз.
Жоғарыда аталған мақсаттарда дербес деректер Оператор тарапынан ресми дилерлерге, уәкілетті сервистік орталықтарға және Chevrolet Қазақстандағы өкілі серіктестік келісімшарт жасаған басқа компанияларға берілуі мүмкін.
Сіздің дербес деректеріңіз жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізілгенге дейін немесе Сіз өз келісіміңізді кері қайтарып алғанға дейін өңделеді.
Біз Сіздің дербес деректеріңіздің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қорғалуын қамтамасыз ету үшін барлық орынды шараларды қабылдаймыз.
Сіздің деректеріңіз үшінші тұлғаларға олардың жеке мақсаттары үшін Сіздің келісіміңізсіз берілмейді.
Егер Сіз бұрын Chevrolet-ке дербес деректеріңізді ұсынған болсаңыз және оларды түзеткіңіз немесе біздің деректер базамыздан өшіргіңіз келсе, немесе біз қандай дербес деректеріңізді пайдаланатынымызды білгіңіз келсе, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге қатысты кез келген сұрақтарыңыз болса, Chevrolet-тің Қазақстандағы өкіліне ресми сұрау жібере аласыз.
Байланыс ақпараты
ЖШС «KELES DISTRIBUTION»
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 159А
Chevrolet жедел желісі: 7810
(Қазақстан бойынша қоңырау тегін)
Күн сайын 09:00-21:00 (Астана уақыты бойынша)