Модельдер тізімі

Дилерлер

RU

Модельдер тізімі

Дилерлер

Chevrolet автокөліктеріне кепілдік. Chevrolet көлігінің иесі бола отырып, Сіз бізге толықтай сене аласыз. Біз Chevrolet көліктерінің сапасына сенімдіміз және Сіздің көлігіңізді басқарған әрбір сәттен ләззат алғаныңызды қалаймыз. Chevrolet автокөліктерінің кепілдік мерзімі-Chevrolet уәкілетті дилерінен жаңа көлікті сатып алған күннен бастап 3 жыл немесе 100 000 км жүрісі, бұлардың қайсысы ерте орын алғанына байланысты. Корпустың металл панельдерінің коррозиясының болмауына кепілдік мерзімі пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және сервистік буклетте көрсетілген күтім мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық нұсқамалар орындалған жағдайда автомобиль сатылған күннен бастап 3 жылды немесе 100 000 км жүрісті құрайды, бұлардың қайсысы ертерек орын алатынына байланысты.

Гарантия завода
Гарантия на кузов
Гарантия на зап. части
Автокөлікті пайдаланудың кепілдік мерзімі сервистік (кепілдік) кітапшада көрсетілген Сатушының өндіруші ретіндегі шарттарына сәйкес белгіленеді және есептеледі және және Сатып алушы автокөлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 36 айды құрайды, сондай-ақ сервистік (кепілдік) кітапшаға кепілдік тіркеу талонында 100 000 км-ден аспайтын кепілдік жүрісінде  (бұрын не болатынына байланысты) тиісті белгі болған жағдайда. Өндірушінің кепілдігі оны ұзарту құқығынсыз беріледі. Кепілдік жөндеу жұмыстарынының жүргізу әдістерін Chevrolet ресми дилері жөндеу жұмыстарын жүргізу регламентіне сәйкес дербес айқындайды. Кепілдік жөндеу аясында ауыстырылған бөлшектер өндірушінің меншігіне өтеді. Сатып алушы сервистік (кепілдік) кітапшада және автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген пайдалану және күтім ережелерін сақтаған жағдайда кепілдік жарамды болады. Сатушы/Субагент қосымша жабдықты (қорғаныс жүйелері, аудио жүйелер, камералар, шу оқшаулау және т.б.) орнатуға/монтаждауға жұмыс жүргізілген уақыттан бастап 1 (бір) айға кепілдік береді.