Модельдер тізімі

Дилерлер

RU

Модельдер тізімі

Дилерлер

Chevrolet клиенттердің дербес деректеріне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді. Дербес деректерді Сіздің сұрау салуыңызды орындау мақсатында және (немесе) Сіздің мүддеңізбен негізделген өзге де мақсаттарда және кез келген жағдайда Сіздің бастамаңызбен Сіз ұсынатын және Chevrolet өңдейтін жағдайларды қоспағанда, біз Сізден Сізді жеке сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректерді сұрамаймыз (аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз немесе электрондық пошта мекенжайыңыз сияқты). Өзіңіздің Дербес деректеріңізді бере отырып, Сіз субъект ретінде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сүйінбай д.,159а мекенжайында орналасқан Қазақстандағы Chevrolet өкіліне  (Пдн Операторы) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіңіздің тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған жылыңыз, айыңыз, күніңіз, ұялы телефон нөмеріңіз, мекенжайыңыз, электрондық поштаңыздың мекенжайы сияқты дербес деректерді жинауға, өңдеуге, пайдалануға, иесіздендіруге, таратуға және трансшекаралық беруге келісім бересіз. Бұл ретте Сіздің дербес деректеріңізді жинау, өңдеу, пайдалану, иесіздендіру, тарату және трансшекаралық беру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, ықтимал қызығушылық тудыруы мүмкін тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат беру мүмкіндігіне байланысты, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу және маркетингтік зерттеулер жүргізу мақсатында және көздерде, оның ішінде жалпыға ортақ көздерде жүргізілуі тиіс.

Сілтемелер мен жарнамалық баннерлер арқылы Сіз деректерді қорғау тәжірибесі Компаниясыздың тиісті саясатынан өзгеше болуы мүмкін басқа веб-сайттарға өтіп кетуіңіз мүмкін екендігіне назар аударыңыз. Біз үшінші тараптарға берілетін немесе олар жинайтын ақпарат үшін жауапты емеспіз және оны бақыламаймыз.

Жоғарыда мәлімделген мақсаттарда Пдн Операторы Дербес деректерді өзінің дилерлеріне, авторландырылған сервистік орталықтарына, сондай-ақ Қазақстандағы Chevrolet өкілі өз қалауы бойынша тиісті әріптестік шарттарын жасасқан басқа да компанияларға бере алады. Сіздің Дербес деректеріңіз жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін қажетті уақыт кезеңі ішінде немесе Сіз олардың өңделуіне қатысты келісіміңізді қайтарып алынғаныңызға дейін өңделетін болады.

Біз Сіздің деректеріңізді ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтау үшін барлық ақылға қонымды шаралар қабылданатынына кепілдік береміз. Деректер Сіздің келісімінсіз дербес пайдаланылу үшін үшінші тараптарға берілмейді.

Егер Сіз Chevrolet-ке Дербес деректеріңізді ұсынған болсаңыз және осы ақпараттың біздің жазбаларымыздан түзетілуін немесе жойылуын қаласаңыз немесе біз Сіздің Дербес деректеріңіздің қайсысын пайдаланып жүргенімізді білгіңіз келсе, сондай-ақ егер Сізде Жеке деректеріңізді өңдеуге қатысты қандай да бір сұрақтар болса, Сіз Қазақстандағы Chevrolet өкілінің атына тиісті сұрау жібере аласыз.

 

 

Байланыс ақпараты

TOO «Keles Distribution»

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 159А.

Chevrolet жедел желісі

7810

(бүкіл Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)

Күн сайын 09:00 - 21:00 (Астана уақыты бойынша)