Қазақстанда Chevrolet ресми дилері болыңыз!
Chevrolet — 100 жылдан астам тарихы бар жаһандық бренд, сенімділік пен жайлылықтың, сондай-ақ инновациялық технологиялардың символы. Chevrolet автокөліктері бүкіл әлем бойынша жоғары сұранысқа ие және миллиондаған автосүйер қауымның таңдауына айналған.
Бүгінде Chevrolet-тің ресми дистрибьюторы Қазақстандағы дилерлік желіні кеңейтіп, сенімді серіктестерді брендтің дамуына үлес қосуға шақырады.
Ынтымақтастықтың артықшылықтары:
- Маркетингтік және техникалық қолдау - дистрибьютордан қажетті құралдар мен кәсіби кеңестердің толық жиынтығы
- Қызметкерлерді оқыту-тұрақты тренингтер мен заманауи оқу бағдарламаларына қолжетімділік
- Бірыңғай брендбук және стандарттар-әлемдік Chevrolet талаптарына сай дилерлік орталықты ашуға толық қолдау
- Жергілікті өндіріс-Қазақстан аумағындағы жинақтау және өндіріс сенімді жеткізуді қамтамасыз етеді
- Тікелей жеткізілімдер-автокөліктер мен түпнұсқа қосалқы бөлшектер тікелей өндірушіден жеткізіледі
- Әлемге танымал бренд беделі-бүкіл әлемге танымал және сенімді маркамен жұмыс істеу
- Бизнестің дамыту-ресми желіге қатысу клиент сенімін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Ынтымақтастық шарттары:
- 250 м2 астам аумақты жайдың/шоурумның болуы
- Жабдықталған сервис орталығы
- Автобизнес саласындағы тәжірибе
- Қаржылық тұрақтылық
Қалай дилер болуға болады?
Келесі ақпаратты көрсетіп, төмендегі электронды поштаға хат жіберіңіз:
info-chevrolet@chevrolet-auto.kz
- Аты-жөніңіз
- Компания атауы
- Қала
- Байланыс телефоны
Біз сізбен талаптарға сәйкестігіңізді бағалау үшін жақын арада хабарласамыз.